KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында мұнай тасымалдау көлемі 232 мың тоннаны құрады

 15.03.2024    2083
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Теңіз кенішінен «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша 232 мың тонна көлемінде қазақстандық мұнайды жөнелтті. Осы кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 331 мың тонна мұнай жөнелтілді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ нысандарын пайдалана отырып, Ақтау портында танкерлерге мұнайды тиеу көлемі 3 млн 376 мың тоннаны құрады, оның ішінде «Баку-Тбилиси-Джейхан» бағыты бойынша 1 млн 057 мың тонна болды.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.
 
 
Реакция:
Серiктестер