KZTO 818,00 (+0,12%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 818,00 (+0,12%)

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері Астанадағы саябаққа 100 тал ағаш екті

 12.10.2024    222
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке орталық аппарат қызметкерлері қатысты. Астананың Ботаникалық саябағында өткен сенбілікте жұмыскерлер 100 тал ағаш екті. 

«ҚазТрансОйл» АҚ республика бойынша өндірістік нысандары орналасқан өңірлерде жыл сайын жоспарлы түрде жасыл желек отырғызады. 2024 жылы компания ұйымдары 2,5 мыңға жуық ағаш екті.

Жыл басынан бері компания шеңберінде 25 ке жуық экологиялық акция, сенбілік, челлендж ұйымдастырылды.
Реакция:
Серiктестер