KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылы мұнай тасымалдау жоспарын 
асыра орындады

 06.01.2025    298

2024 жылдың 12 айында «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі жедел ақпаратқа сай 44 млн 887 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 699 ​​мың тоннаға, немесе 2%-ға артық.

Мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу

2024 жылы Қазақстан Республикасының отандық мұнай өңдеу зауыттарына (оның ішінде «Атырау МӨЗ» ЖШС, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС) мұнай жеткізудің көлемі 16 млн ​​712 мың тоннаны құрады. Бұл 2023-ші жылғы көрсеткіштерге қарағанда 139 мың тоннаға көп болды.

Экспорт және транзит

  • 2024 жылы қазақстандық мұнай экспорты 17 млн ​​253 мың тоннаны құрады, бұл
    2023 жылдың деңгейімен салыстырғанда 635 мың тоннаға немесе 4%-ға  артық.
  • ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы Қытай мен Өзбекстанға мұнай транзиті 10 млн 214 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 70 мың тоннаға артық.

Жүк айналымы

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша мұнай айналымы 2024 жылы 35 миллиард 526 миллион тонна шақырымды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1 миллиард 318 миллион тонна шақырымға, немесе 4% -ға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ тұрақты өсім көрсетіп, жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындап, мұнай тасымалдау нарығындағы позициясын нығайтып отыр.

Серiктестер