KZTO 830,00 (-0,61%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,00 (-0,61%)

«ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметкерлері үшін еңбек жағдайларын жақсартып, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіруді жалғастыруда

 22.01.2025    31

«ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметкерлерінің қолайлы еңбек етуі үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту бағытындағы жұмыстарды белсенді  жалғастыруда. Жаңа нысандардың бірі – Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы «Бейнеу» желілік өндірістік – диспетчерлік станциясына (ЖӨДС) қарасты «Сай-Өтес» мұнай қыздыру станциясы аумағында салынған жаңа жатақхана.

20 орындық заманауи кешен ескі модульді ғимаратты алмастырды және жұмысшылар үшін өте ыңғайлы. Жатақхана демалуға қолайлы, барлық жағдай жасалған: асханасы, киім жуатын және кептіретін бөлмесі, интернеті бар. Қызметкерлердің жұмыс орнындағы тиімділігін арттыру және өмір сапасын жақсарту үшін бар жағдай жасалып отыр.

«Бейнеу» ЖӨДС  - Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының ең шалғай орналасқан станциясы және «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау процессінде маңызды рөл атқарады.

ЖӨДС құрамына мұнайды қабылдау, айдау және қыздыруға қатысатын «Бейнеу» мұнай айдау станциясы, «Сай - Өтес» мұнай қыздыру станциясы және бірнеше қабылдау-тапсыру пункттері кіреді.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер