KZTO 835,06 (+0,13%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 835,06 (+0,13%)

«ҚазТрансОйл» АҚ ESG-қағидаттарына адалдығын дәлелдеуді жалғастыруда

 21.01.2025    120

«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылды қорытындылай келе, ESG (Environmental, Social, Governance) тұрақты даму қағидаттарына бейілділігін тағы да растады. Негізгі назар қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге аударылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ арсеналында компания ұжымының экологиялық мәдениеті мен біліктілігін арттыруға, табиғат қорғау қызметін дәріптеуге бағытталған көптеген экологиялық жобалар бар:

  • Көгалдандыру: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 4 мыңнан астам ағаш отырғызылды, экожүйенің биоәртүрлілігін арттыру үшін 50-ден астам құс үйі дайындалып, орнатылды;
  • Қалдықтарды бөлек жинау: компанияның барлық өндірістік нысандарында төрт секциялы контейнерлер мен ЭКО-бокстар орнатылды;
  • Экологиялық ағарту жұмыстары: қоршаған ортаны қорғаудың өзекті тақырыптары бойынша қазақстандық төрт жоғары оқу орнының студенттеріне дәрістер өткізілді;
  • Компания қызметкерлерінің  «Жер сағаты», «Қағазсыз күн» және «Автосыз күн» атты экологиялық акцияларға қатысуы;
  • Елді- мекен, саябақ, су айдындарының жағалауларын жинау бойынша экочелендждер. Нәтижесінде өткен жылы 55 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Бұдан басқа, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасында «Өзен – Жетібай – Ақтау» мұнай құбыры бойындағы тарихи ластанған 1,4 га аумақ қалпына келтірілді. Атырау мұнай құбыры басқармасына қарасты Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында көлемі 20 мың текше метр мұнайды сақтауға арналған резервуарға понтон орнатылды. Бұл құрылғы атмосфераға ластаушы заттардың шығу көлемін 80% төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұл - компания жүзеге асырған экологиялық жобалардың аз ғана бөлігі. «ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметінде қоршаған ортаны қорғауға, қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасауға, персоналдың адал қарым-қатынасына және тиісті корпоративтік басқаруға негізделген ESG қағидаттарын ұстануды жалғастыруда.

Серiктестер