KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

Атырауда «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері арасында «Үздік маман» байқауы басталды

 21.04.2025    223

Бүгін, 21 сәуір, Атырау қаласында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелері арасында дәстүрлі «Өз мамандығының үздігі» байқауы басталды. 2025 жылы өз ісінің шебері атану үшін 75 қатысушы 8 негізгі өндірістік мамандық бойынша сайысқа түсуде.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтуде:

• «Үздік желілік мұнайқұбыршы»

• «Үздік электргазбен дәнекерлеуші»

• «Үздік тауар операторы»

• «Үздік химиялық талдау зертханашысы»

• «Үздік технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі»

• «Үздік бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі»

• «Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері»

• «Үздік мұнай айдау станциясының операторы»

Байқау Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік нысандарында — Нұрибек Шманов және Тарас Қасымов атындағы мұнай айдау станцияларында өтеді.

Жеңімпаздар есімі 25 сәуір күні белгілі болады. Олар Қазақстан Республикасы мен «ҚазТрансОйл» АҚ намысын алдағы халықаралық кәсіби шеберлік байқауында қорғайтын болады.

Байқаудың ашылу салтанатында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бұл байқаудың мәні  орасан болып отыр. Біздің басты мақсатымыз — қоғамда жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын кеңінен насихаттау және жастарды осы салаға тарту. «2025 жылғы үздік маман» байқауы — бұл тек жарыс қана емес, сонымен қатар шеберлерді таныту мен тәжірибе алмасуға арналған алаң», — деді Ғ. Қошанов.

«ҚазТрансОйл» АҚ жұмысшы мамандықтардың дамуын әрдайым қолдап, қызметкерлердің кәсіби өсуіне жағдай жасап, бүкіл саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға үлес қосып келеді.





Серiктестер