KZTO 859,99 (+0,29)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 859,99 (+0,29)

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның омбудсмені Шымкент және Жезқазған мұнай құбыры басқармаларының қызметкерлерімен кездесті

 13.05.2025    17

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның омбудсмені Серік Ақберген еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде. Жұмыс сапары аясында ол Шымкент және Жезқазған мұнай құбырлары басқармаларына барды.

Шымкентте басқарма аппаратының ұжымымен, сондай-ақ «Шымкент» БМАС, «Шағыр» МҚП, «Шолаққорған» БМАС, «Жуантөбе» және «Созақ» мұнай айдау станцияларының қызметкерлерімен кездесулер өтті. Ал Жезқазғанда ол «Құмкөл» және Байқадам Жұмағалиев атындағы БМАС, басқарма аппараты мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен, сондай-ақ кәсіподақ ұйымының өкілдерімен кездесті. Алдағы уақытта, «Борсеңгір» мұнай айдау станциясы ұжымымен кездесу жоспарланған.

Кездесу барысында Серік Ишанбекұлы омбудсмен институтының мақсаттары, міндеттері және қызмет қағидаттары туралы айтып, компанияның Іскерлік әдеп кодексімен таныстырды. Өз кезегінде комплаенс-бақылау қызметінің өкілі Бақытжан Елшібеков комплаенс жүйесінің маңызы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы кеңінен мәлімет берді.

Аталған кездесулер компаниядағы ашықтықты нығайтып, еңбек ұжымдарының құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
 

Реакция:
Серiктестер