KZTO 859,99 (+0,29)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 859,99 (+0,29)

«ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдаудағы энергия тиімділігі бойынша рекорд орнатты

 13.05.2025    52

ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды тасымалдаудың энергия сыйымдылығы бойынша тарихи минимумға қол жеткізді – бір миллион тонна мұнайды бір километрге тасымалдауға 3,7 тонна шартты отын жұмсалды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге төмен. Осылайша, энергия менеджменті саласындағы жүйелі жұмыстың арқасында компания тұрақты дамуға және көміртегі ізін азайтуға сенімді түрде бет алуда.

2011 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ энергия тиімділігінің кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын моделін қалыптастырып келеді: технологиялық режимдер қызметтерін құрудан бастап ISO 50001 халықаралық стандартын негізгі бизнес-процестерге біріктіруге дейін. Бүгінде «ҚазТрансОйл»-дағы энергия менеджменті – бұл жай ғана ресурс шығынын бақылау емес, операциялық тұрақтылықтың стратегиялық құралы.

Электр қуаты және табиғи газ басты назарда

Сорғы қондырғылары үшін электр энергиясын (жалпы көлемнің 25%) және мұнай жылыту пештерінде қолданылатын табиғи газды (65%-дан астам), эквивалентті отынның тоннасымен (ТЭҚ) ұтымды тұтынуға басты назар аударылады. 14 жыл ішінде жалпы энергия үнемдеу ақшалай есептегенде 1,9 млрд теңгені құрады.

Температуралық режимді  оңтайландыру - «ыстық» әсер

Стратегиялық маңызы бар «Атырау – Самара» мұнай құбыры учаскесінде температуралық режимді оңтайландыру негізгі жобалардың бірі болды. Реологиялық сипаттамасы күрделі және қату температурасы оң мәнге ие Манғышлақ мұнай қоспасын, қату температурасы теріс (минус) мәнге ие Қашаган мұнайына алмастыру нәтижесінде жылы мезгілде қыздыру пештерін ажыратуға мүмкіндік туды.

Егер 2021 жылы мұнайды жылыту жыл бойы үздіксіз жалғасса, 2024 жылы жылыту пештері бес ай бойы сөніп тұрды, бұл 10 миллион м3 астам табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, 2022 жылдан бері газ үнемдеу 25 миллион м³-ден астамды құрады.

Ресурстарды үнемдеу – болашақты сақтау

«ҚазТрансОйлдың» бағыты – бір рет істелетін әрекет емес, энергияны үнемдейтін болашаққа бағытталған жүйелі бағыт. Нақты сандар, нақты үнемшілдік және қоршаған ортаға тигізетін әсер тұрақты даму тек ұран ғана емес, шындық екенін растайды.

Серiктестер