KZTO 854,50 (-0,98)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 854,50 (-0,98)

«ҚазТрансОйл» компаниясында денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ай сайынғы жиын өтті

 15.05.2025    28

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдайлар департаменті денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ай сайынғы жиын өткізді.

Жиын барысында кәсіби тәуекелдерді азайту және жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері қаралды.

Компанияның даму стратегиясындағы басым бағыттардың бірі – еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік қызметке байланысты тәуекелдерді барынша азайту болып табылады.
 



Реакция:
Серiктестер