KZTO 865,00 (-0,17)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 865,00 (-0,17)

«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті

 21.05.2025    30

2025 жылғы 21 мамырда Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасында «Дизель отынын құю кезінде сыйымдылығы 50 м³ болатын РГС резервуарының жануы кезіндегі қызметкерлердің іс-қимылдары» тақырыбында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

Іс-шара «Баршаңыздың назарына!» сигналы аясында ұйымдастырылып, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қызметкерлердің жедел әрекет ету дайындығын тексеруге бағытталды.

Оқу-жаттығудың мақсаты – хабарлау және эвакуациялау алгоритмдерін пысықтау, апаттық жабдықтардың жарамдылығын тексеру, бөлімшелердің өзара іс-қимылын үйлестіру және алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Сценарий бойынша, көлемі 50 м³ дизель отыны бар резервуардың жануы орын алды. Жаттығу жетекшісі – Ақтөбе МҚБ бас инженері Өтеген Тұрақбай – сағат 11:30-да оқу дабылын жариялады. Қысқа уақыт ішінде дыбыстық сирена мен радиобайланыс құралдары іске қосылып, шұғыл қызметтерге хабар беріліп, қызметкерлерді эвакуациялау ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу барысында қызметкерлер отын беруді тоқтатып, технологиялық үдерістерді бұғаттады, жанармай құю автокөлігін қауіпсіз аймаққа эвакуациялады, зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетті және шартты жануды жедел оқшаулады.

Шартты өрт толық сөндіріліп, оқу-жаттығу 12:00-де аяқталды. Қызметкерлердің іс-әрекеттері нақты, үйлесімді және азаматтық қорғаныс жоспарларына толық сәйкес болды. Іс-шара Ақтөбе МҚБ ұжымының төтенше жағдайларда әрекет етуге жоғары дайындық деңгейін көрсетті.






Реакция:
Серiктестер