«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылғы 13 мен 15 мамыр аралығында Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясындағы №14 торапты жаңғырту жұмыстарын сәтті аяқтады. Бұл шаралар өндірістік тиімділікті арттыруға және пайдалану шығындарын азайтуға бағытталған.
Жоба аясында диаметрі 530 мм қысым құбырында ағып кетуді бақылау жүйесі бар электр жетекті шар крандарын монтаждау жұмыстары жүргізілді. Бұл техникалық шешім «Кеңқияқ — Атырау» магистральдық мұнай құбыры арқылы НМ 1250/260 сорғы агрегаттарымен мұнайды «АВЕРС» режимінде бөлек айдауға мүмкіндік береді.
Күтілетін экономикалық тиімділік – пайдалану шығындарын жыл сайын 18 миллион теңгеден астам сомаға төмендету.
Қайта құру жұмыстарының негізгі нәтижелері:
Компания инфрақұрылымды дамытуға, шығындарды азайтуға және тұрақты операциялық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жобаларды іске асыруды жалғастырады.