KZTO 820,98 (-0,05)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 820,98 (-0,05)

Жезқазғанда өткен қалалық сенбілікте тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды

 17.09.2025    34

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жезқазған мұнай құбыры басқармасының ұжымы қалалық сенбілікке белсене қатысты.

Басқарма аппаратының 50-ден астам қызметкері Жезқазғандағы Кеңгір су қоймасының жағалауын тазалауға шықты. Қызметкерлер бір тоннадан астам тұрмыстық қалдықтарды жинап, қалалық полигонға шығарды.

Мұндай іс-шараларға қатысу – мұнайқұбыршылардың санитарлық жағдайды жақсартуға, экологиялық ахуалды оңалтуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға қосқан үлесі болмақ.






Реакция:
Серiктестер