KZTO 818,00 (-0,49)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 818,00 (-0,49)

«ҚазТрансОйл» АҚ компания қызметкерлері үшін стратегиялық сессия өткізді

 13.09.2025    28
2025 жылғы 12 қыркүйекте «ҚазТрансОйл» АҚ компания қызметкерлері үшін стратегиялық сессия өткізді.
Шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ басшылары және сарапшылары қатысты. Сессияның мақсаты – компанияның қазіргі жағдайын талдау, корпоративтік жетістіктер мен міндеттерді қарастыру, стратегиялық басымдықтарды айқындау, сондай-ақ ортақ мақсаттарға жету жолында жұмыс істеуге дайын пікірлес қызметкерлер командасын қалыптастыру. 
«ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы мұнай-газ саласындағы жетістік тек заманауи технологиялар мен инфрақұрылымға ғана емес, сонымен қатар адами капиталға да негізделеді деп санайды. Компания ұжымы тұрақты дамудың маңызды факторы бола отырып, мұнай тасымалдаудың қауіпсіздігін, тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. 
Сессия барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында көрсетілген басымдықтарға ерекше назар аударды. Құжатта жасанды интеллектіні қолдану мен ауқымды цифрландыруға бағытталған реформалар белгіленген. Осыған сәйкес, «ҚазТрансОйл» АҚ өзінің цифрлық трансформация стратегиясы аясында заманауи платформаларға көшу жұмыстарын жүргізіп, жаңа технологиялық дәуірдің бір бөлігі болуды көздейді.
Іс-шарада спикерлердің баяндамалары тыңдалып, инновациялық технологияларды енгізу, процестерді одан әрі цифрландыру және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллектіні пайдалану бойынша жаңа жобалар талқыланды.
Сессия пікір және тәжірибе алмасумен қорытындыланып, қатысушылар өндірістік және басқару процестерін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар енгізді.





Реакция:
Серiктестер