13–14 қыркүйек күндері Алматы қаласында Masters санатындағы жүзуден Қазақстанның VII ашық чемпионаты өтті. Додаға Ресей мен Қырғызстаннан келген спортшылар да қатысып, барлығы 215 қатысушыдан құралған 38 команда бақ сынады.
Бұл чемпионатқа «Samruk Swim Team» құрамасында біздің әріптестеріміз де қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін әріптестеріміз «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының X Спартакиадасында да 1 орынға ие болып, содан кейін «Samruk Swim Team» құрамасына шақырылған болатын.
Әріптестеріміздің бұл жетістігі – табандылықтың, еңбектің және спортқа деген шынайы құштарлықтың айқын дәлелі.
Біз спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!