KZTO 819,10 (-0,22)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,10 (-0,22)

Таза Қазақстан – ортақ күш-жігер

 20.09.2025    22

Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының ұжымы «Таза Қазақстан» акциясы аясында Үшарал қаласында жарияланған «Таза бейсенбі – таза Қазақстан»  күзгі санитарлық сенбіліктерге ұдайы қатысып тұрады. Аталмыш шара аясында мұнайқұбыршылар құрылымдық бөлімшелердің аумағын тұрмыстық қоқыстардан тазартып, арықтарды тазалау, әктеу, сырлау   секілді шараларды жүзеге асырды.

Жақында өткізіген тазалық шарасы аясында  Қызылорда облысы Арал ауданы аумағында орналасқан «Арал» тіректі авариялық-қалпына келтіру пункті аумағында сенбілік өткізіліп, оған 22 адам жұмылдырылды. Ал басқарманың қызметкерлерге арналған жатақханасы аумағында ұйымдастырылған тазалық шарасына 27 адам қатысып, қалдық қоқыстар жиналды. Еңбек ұжымдарының ортақ күшімен бір тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Мұндай санитарлық акциялар әлі де жалғасын таба бермек. Біз таза Қазақстан үшін!








Реакция:
Серiктестер