KZTO 819,10 (-0,22)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,10 (-0,22)

Атырау облысының қоғам өкілдері «Магистральды Су құбыры» ЖШС қарасты Құлсары су тазарту станциясының жұмысын көрді

 19.09.2025    31

2025 жылғы 18 қыркүйекте табиғи монополия субъектілерінің қызметін қоғамдық мониторингтеу аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің (Атырау облысы), Атырау облыстық мәслихатының, «Халық партиясы Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің және БАҚ өкілдері «ҚазТрансОйл» АҚ-тың еншілес кәсіпорны – «Магистральды Су құбыры» ЖШС-нің Құлсары қаласындағы су тазарту құрылыстарын аралады.

Сапардың мақсаты – су сапасын тексеру зертханасын салу бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуын, реттелетін қызметтердің тиімділік және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуын, сондай-ақ кәсіпорын қызметін бағалауды тексеру болды.

Қоғамдық мониторинг барысында қатысушыларға инвестициялық бағдарлама нысаны болып табылатын зертханаға және барлық қажетті құжаттарға қол жеткізу берілді. Уәкілетті тұлғалар визуалды тексеру жүргізіп, ұсынылған деректерді нысанның нақты жағдайымен салыстырды.

Тексеру қорытындысы бойынша ресми акт жасалды. Онда инвестициялық бағдарлама аясында жоспарланған барлық іс-шаралардың орындалғаны, зертхана қызметінің сапа мен сенімділік бойынша негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілгені, бөлінген қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылғаны расталды.

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Магистральды Су құбыры» ЖШС жобасына тәуелсіз және толық қоғамдық баға берілді.










Реакция:
Серiктестер