KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

Негізгі назар – еңбек қауіпсіздігі: «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайынғы форумда мердігерлерді біріктірді

 11.11.2025    80

Бүгін Астанадағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік орталығында «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайынғы мердігерлік ұйымдар форумы өтті. Форумның негізгі тақырыбы – «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті: серіктестердің жауапкершілігі».

Шараға магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторымен өндірістік қызмет және іскерлік міндеттер аясында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері қатысты. Форум қатысушыларды біріктіріп, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және серіктестік жауапкершілікті нығайту мәселелерінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов форум қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі – компанияның өндірістік процестеріне қатысатын барлық қызметкерлер мен серіктестер үшін ортақ құндылық әрі басты жауапкершілік екенін атап өтті.

«ҚазТрансОйл» АҚ нөлдік өндірістік жарақатқа қол жеткізу стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Қауіпсіздік мәдениеті қағидалары барлық қызметкерлерге, соның ішінде мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге де қолданылады.

Компания нысандарында 40 мердігерлік ұйым жұмыс істеп, 3,5 астам адамды қамтиды. Мұндай ынтымақтастық еңбек қорғау тәсілдерін үздіксіз жетілдіруді, тәуекелдерді алдын алуды және қауіпсіз еңбек тәжірибесі бойынша оқыту жүйесін дамыту талап етеді.

Іс-шара барысында қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек гигиенасы және іскер серіктестермен өзара іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелерді талқылады және тәжірибе алмасты. Сондай-ақ олар қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және жарақаттанудың алдын алу бойынша озық халықаралық тәжірибелермен танысты.

Форум серіктестікті нығайту алаңы болып, қауіпсіздік мәдениетінің                      «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік міндеттерін орындауға қатысатын барлық тараптар үшін ортақ жауапкершілік екенін тағы бір мәрте растады.

Серiктестер