KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Транснефть» ААҚ өзара ынтымақтастықты кеңейтеді

 10.11.2025    163

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамына «Транснефть» ашық акционерлік қоғамының арнайы делегациясы жұмыс сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаты – кадрларды басқару, персоналды дамыту және корпоративтік коммуникациялар салаларында екі компания арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, осы бағыттардағы кәсіби тәжірибемен алмасу болды.

Ресейлік делегация құрамында «Транснефть» ААҚ вице-президентінің орынбасары Марс Фазлыев, президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Георгий Каптелин, персоналды басқару департаментінің директоры Елена Щурова, «Транснефть-Медиа» ЖШҚ бас директоры Сергей Выхухолев, сыртқы коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Рустам Алпаров және ақпараттық саясат басқармасының бастығы Сергей Ануфриев болды.

Қонақтарды қарсы алған «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов бұл кездесудің компаниялар арасындағы көпжылдық әріптестік байланыстарды одан әрі тереңдетудегі маңызды қадам екенін атап өтті.

– «Транснефть» ААҚ пен «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды сенімді тасымалдау ісіндегі ортақ кәсіби кеңістік пен жауапкершілік түсінігі арқылы бірігеді. Бүгін біз өндірістік өзара іс-қимыл шеңберінен шығып, адам ресурстарын басқару мен корпоративтік коммуникациялар саласында екіжақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашудамыз. Бұл – адами капиталды дамытуға, тиімді коммуникациялық ортаны қалыптастыруға және корпоративтік мәдениетті нығайтуға қосқан үлес. Мұның барлығы қазіргі әлемде бизнестің тұрақтылығы мен табыстылығын айқындайтын факторлар, – деді Ғ. Қошанов.

Өз кезегінде «Транснефть» ААҚ делегациясы «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығына және ұжымына жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, персоналды дамыту мен корпоративтік коммуникациялар сияқты маңызды бағыттардағы ашықтық пен сындарлы диалогтың маңыздылығын айтты.

– Мұндай тәсіл тиімді команда құрумен, тұрақты корпоративтік мәдениет пен адамдар арасындағы сенімді қалыптастырумен тікелей байланысты, ал бұл кез келген табысты жобаның негізі болып табылады, – деп атап өтті ол.

Сапар барысында «Транснефть» ААҚ делегациясы «ҚазТрансОйл» АҚ Бас диспетчерлік басқаруына барды. Бұл құрылым ішкі және сыртқы бағыттар бойынша мұнай тасымалдау технологиялық процестерін тәулік бойы үздіксіз үйлестіруді қамтамасыз ететін негізгі буын болып табылады.

Бұдан соң екі компанияның қызметкерлері арасында келіссөздер, таныстырылымдар және тәжірибе алмасу өтті. Персоналды басқару, қызметті ақпараттық сүйемелдеу және ішкі корпоративтік өзара әрекеттестікті дамытудағы ағымдағы тәсілдер туралы баяндамалар ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кадрлық әлеуетті дамытуға, компаниялар қызметі туралы ақпарат алмасуға және мұнай тасымалдау саласындағы коммуникацияларды жетілдіруге бағытталған бірлескен жобаларды одан әрі пысықтау туралы уағдаласты.

Серiктестер