KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

 07.11.2025    37

2025 жылғы 6 қарашадағы «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің 6 (алты) мүшеден тұратын құрамы бекітілді. Директорлар кеңесіне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі – Дастан Елемесұлы Абдулғафаров сайланды.

Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Булат Закиров  (Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі), Дастан Абдулғафаров («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі), Әмір Бозжігітов («ҚазМұнайГаз» АҚ өкілі), Арман Қасенов (бас директоры (Басқарма төрағасы) «ҚазТрансОйл» АҚ), Нұрлан Аханзарипов (тәуелсіз директор), Қайнар Кожумов (тәуелсіз директор) кіреді.

Серiктестер