KZTO 837,00 (+0,33)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 837,00 (+0,33)

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбыршылары SOCAR-де өндірістік тағылымдамадан өтті

 08.12.2025    20

«ҚазТрансОйл» АҚ бес өндірістік мамандықтағы қызметкері кәсіби тәжірибе жинау мақсатында Әзербайжан Республикасындағы SOCAR компаниясына қарасты «Азнефть» өндірістік бірлестігінің «Бибиэйбатнефть» мұнай-газ өндіру басқармасы базасында тағылымдамадан өтті.

Қазақстан атынан іс-шараға «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы, Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының №8 МАС, Құлсары және Атырау мұнай құбыры басқармаларының өндірістік қызмет көрсету базасы, сондай-ақ Қарағанды мұнай құбыры басқармасының «Атасу» БМАС жұмысшылары қатысты.

Қатысушылар тікелей кен орнында және сорғы станциясында мұнайды өндіру, дайындау және тасымалдау процестерін, жабдықты құрастыру мен пайдалану тәсілдерін зерттеп, әзербайжандық әріптестерімен өндірістік қауіпсіздік тәжірибесімен бөлісті.

Тағылымдама «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және компаниялар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

«ҚазТрансОйл» АҚ SOCAR компаниясына және «Азнефть» өндірістік бірлестігіне ашықтығы, кәсіби шеберлігі және тәжірибе алмасуға қосқан құнды үлесі үшін алғыс білдіреді.

Реакция:
Серiктестер