KZTO 963,20 (+1,88)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 963,20 (+1,88)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылы республикалық бюджетке шоғырландырылған төлемі 66,1 млрд теңгені құрады

 14.01.2026    44

2025 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ және оның еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдары тарапынан бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жалпы сомасы 66,1 млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға жоғары. Республикалық бюджетке ең ірі түсімдер корпоративтік табыс салығы — 24 млрд теңге және қосылған құн салығы — 6,3 млрд теңге есебінен қамтамасыз етілді. Жергілікті бюджеттерге мүлік салығы — 16 млрд теңге, жеке табыс салығы — 9,4 млрд теңге, сондай-ақ әлеуметтік салық — 8,3 млрд теңге көлемінде төленді.

2019 жылдан бастап салық органдары салық төлеушілердің қызметін тәуекел дәрежесіне қарай төмен, орташа және жоғары санаттарға бөледі, соған сәйкес салықтық әкімшілендірудің сараланған шаралары қолданылады. Осы жіктеме аясында «ҚазТрансОйл» компаниялар тобына төмен тәуекел дәрежесін иеленді. Аталмыш дәреже компанияның сенімділік көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Серiктестер