KZTO 963,20 (+1,88)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 963,20 (+1,88)

Әріптесіміз Талап Әбдіхалық, «Жылыой жүрек жылуы» жобасының авторы, ұлттық волонтерлар форумына қатысты

 30.01.2026    20
Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «Волонтерлер» ұлттық форумы өтті. Іс-шара елде Еріктілер жылының ашылуына орай ұйымдастырылып, 2026 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялануына байланысты өткізілді.

Форумға АҚ «ҚазТрансОйл» атынан Құлсары мұнай құбыры басқармасының тауарлық-құю жұмыстары слесарі Талап Әбдіхалық қатысты. Компанияда сегіз жыл еңбек етіп келе жатқан жас маман негізгі өндірістік қызметімен қатар волонтерлік жұмыстарға белсене араласады. Ол «Жылыой Жүрек Жылуы» қайырымдылық қорының негізін қалаушы әрі волонтёры болып табылады. Қор тұрақты түрде қарттар үйіне, балалар үйіне және жергілікті тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетеді.

2024 жылы Құлсары қаласында болған су тасқыны кезінде волонтерлік көмек көрсеткені үшін Талап Әбдіхалық аудан әкімінің бұйрығымен төс белгімен марапатталған.

Форумда Қазақстандағы волонтерлік қозғалысты дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру, тәжірибе алмасу және ұлттық деңгейдегі бастамаларды талқылау мәселелері қаралды.
 
Серiктестер