KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

ТМРА «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау қызметтеріне жаңа тарифтерді бекітті

 25.12.2009    1860
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесімен мұнай тасымалдаудың мынадай қызметтеріне жаңа тарифтер енгізді:
  1. магистральды мұнай құбырлары жүйесімен экспортқа мұнай айдау қызметінің тарифі 1 000 км-ге 1 тоннаға ҚҚС-сыз 3 331 теңге деңгейде бекітілді. Бұл ретте магистральды мұнай құбырлары жүйесімен ішкі нарыққа мұнай айдау қызметінің тарифі 1 000 км-ге 1 тоннаға ҚҚС-сыз 1 303 теңге бұрынғы деңгейде қалды;
  2. сұйыққоймаларда мұнай сақтау қызметінің тарифі айына 1 тоннаны сақтауға ҚҚС-сыз 223,42 теңге мөлшерінде;
  3. Мақат МАС-та «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбырына мұнай ауыстырып құю қызметінің тарифі 1 тоннаға ҚҚС-сыз 425 теңге мөлшерінде.
Бұдан басқа, Атырау МАС-та темір жол шандарына мұнай құю қызметінің тарифі 1 тоннаға ҚҚС-сыз 304,18 теңге мөлшерінде бекітіліп, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 2009 жылғы 17 қарашадан бастап Кеңқияқ ЖӨДС-да мұнайды ауыстырып құю қызметріне 1 тоннаға ҚҚС-сыз 60,24 теңге мөлшерінде жеңілдетілген тәртіппен бекітілген жаңа тариф енгізілді. «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі
Реакция:
Серiктестер