KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2019 жылғы интеграцияланған жылдық есебі жарияланды

 04.06.2020    896
Жылдық есепте өткен жылғы өндірістік қортындылары, атаулы оқиғалар мен компания жетістіктері жарияланған.

«Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ елде өндірілетін барлық мұнайдың 40%-ын және отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілімнің 99%-ын тасымалдауды қамтамасыз етеді. Компания шамамен 6 800 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете отырып, өз қызметін еліміздің 11 өңірінде жүзеге асыруда.

Компанияның 2019 жылғы табысы өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артып, 239,6 млрд теңгені құрады. Есепті кезеңдегі қорытынды пайда 45,1 млрд теңгені құрап, 17%-ға артты. Есепті кезеңде дивидендтік төлемдер сомасы 2018 жылдың қорытындысы бойынша 40 млрд теңгені немесе Компанияның бір жай акциясына есептегенде 104 теңгені құрады», - мұндай мағлұматтарды акционерлер мен серіктестер алдында айтқан алғы сөзінде «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Данияр Берлібаев келтірді.

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов дәстүрлі мұнай өндіру көлемі азайғанымен жүк тасымалдаушылар, сондай-ақ Каспий Құбыр Консорциуымы мұнай құбырының өткізу мүмкіндігінің көбеюімен компанияда қаржылық оңтайлы өсім байқалатынын айтты.

Бұдан басқа, есепті жылы Компания қызметінің тағы бір негізгі бағыты болып табылатын операторлық қызмет бойынша қызметтер көрсетуден алынған кірістердің өсуі байқалды. 2019 жылы осы бағыттан түскен кіріс 16,1 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,8 млрд теңгеге көп және 2018 жылғы шілдеден бастап Каспий Құбыр Консорциумына қызметтер көрсетудің басталуына негізделген.

2019 жылы Компания қызметінің маңызды нәтижесі «ҚазТрансОйл» АҚ-қа тиесілі және Ресей Федерациясының аумағында «Омбы-Павлодар» магистральдық мұнай құбырында болған 141 728 тонна технологиялық мұнайды қайтару бойынша жұмыстардың аяқталуы болды.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнай тасымалы саласында сенімді серік болып есептеледі.

Компания құрамында жоғары концентратты хлороорганикалық қосындысы бар мұнай тасымалы мәселесін жедел ретке келтірді. Осының арқасында Усть-Луга портындағы танкерлерге қазақстандық жүк тасымалдаушыларымен кондицияланбаған мұнайды жөнелтуге жол берілмеді. Бұл мәселені ретке келтіру үшін «ҚазТрансОйл» АҚ 38 қазақстандық мұнай компаниялары атынан «Транснефть» ЖАҚ – пен кондицияланбаған мұнай үшін барлық қазақстандық мұнай компанияларының есебіне компенсация төлеу туралы келісімшартқа қол қойды. Барлық 38 жүк тасымалдаушы компенсация алды» - деп жылдық есепте тыңдармандар назарын компанияның басты жетістіктеріне көңіл бөле отырып Димаш Досанов қортындылады.

Компания қызметінің көптеген бағыттары бойынша алынған тәжірибе тұрғысынан 2019 жыл Компания үшін өте маңызды болды. Компания 2020 жылы сапалы өсуі және оның қызметінің тиімділігін арттыру үшін алынған білім мен тәжірибені толықтай пайдаланады.

Компанияның 2019 жылғы интеграцияланған жылдық есебімен «ҚазТрансОйл» АҚ kaztransoil.kz сайтынан мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2019 жылғы интеграцияланған жылдық есебі
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2019 жылғы интеграцияланған жылдық есебі
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2019 жылғы интеграцияланған жылдық есебі
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2019 жылғы интеграцияланған жылдық есебі

Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша жеткізеді: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу.

«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер