KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Өзен-Атырау-Самара магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесінде мұнай тасымалдау қалпына келтірілді

 12.01.2021    1164
Энергия беруші ұйым электр энергиясын беруді тұрақтандырғаннан кейін 11 қаңтарда сағат 19:59-да «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесінде мұнай тасымалдау жоспарлы режимде жаңартылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдау берілген технологиялық режимдерде жүзеге асырылады.

Электр энергиясын беруді тоқтатуға байланысты «Атырау-Самара» учаскесінде («KEGOC» АҚ, «Атырау Жарық» АҚ) мұнай тасымалдауды уақытша тоқтата тұру барысында жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау бойынша шектеулер болған жоқ.

Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 1235,7 км «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбыры Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары арқылы өтеді.
Анықтама:
 
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді.  Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа тасымалдайды: Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбыры «Атырау – Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерге мұнай құю), темір жол (цистерналарға құю), ҚҚҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т..Қасымов атындағы МАС теміржол эстакадаларынан вагон цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері  Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе,  Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер