KZTO 838,00 (-0,39%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 838,00 (-0,39%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Серікұлы Айдарбаевтың үндеуі

 16.04.2021    642
Біз Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінде күрделі жəне ықтимал қауіпті жұмыстарды орындай отырып, ірі мұнай компаниясында жұмыс істейміз. 2020 жыл біздің сала үшін оңай болған жоқ, бірақ барлық сын-қатерлерге қарамастан, біз өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар өндірістік қауіпсіздік, еңбекті жəне қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштерін едəуір жақсарттық.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Халықаралық мұнай жəне газ өндірушілер қауымдастығына (IOGP) кірген сəттен бастап алғаш рет жарақаттылық жəне жол-көлік оқиғаларының коэффициенттері IOGP орташа салалық көрсеткіштерінен төмен болды. Бұған ҚМГ компаниялар тобының барлық қызметкерлерінің көп жылғы мақсатты жұмысы, Директорлар кеңесінің көшбасшылығы мен қолдауы, үздік салалық практикаларды енгізу ықпал етті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының тарихында алғаш рет жыл еңбек қызметіне байланысты өліммен аяқталған жазатайым оқиғаларсыз аяқталғанын ерекше атап өту қажет.

Біздің өндірістік объектілерімізде қауіпсіздік мəдениетін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін үлкен ұжымның əрбір қызметкеріне алғысымды білдіргім келеді.

Дегенмен, былтыр жазатайым оқиғалар мен жазатайым жағдайлар орын алғандықтан, бүгінгі таңда  біздің алдымызда ортақ міндет тұр – кем дегенде, біздің көрсеткіштерімізді ағымдағы деңгейде сақтап, оларды үнемі жақсарту. Болашақта біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында өмір мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында жақсы нəтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін.

Бекітілген Экологиялық саясатқа сəйкес ҚМГ мен оның ЕТҰ басшылығы қоршаған ортаның ластануына байланысты шығындар мен залалдарға қатысты нөлдік төзімділік қағидатын сақтайды.

Біз экологиялық жауапты бизнес жолын ұстануды жалғастырамыз, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін дамытамыз, барлық мүдделі тараптармен диалог жүргіземіз. Нəтижесінде, ҚМГ Ресейдің WWF, Ұлттық рейтингтік агенттік пен Creon Group тəуелсіз сарапшыларының бағалау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпаратының ашықтығы рейтингінде қатарынан 4 жыл 1-ші орын алуда. 

Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі қабылданды. Ел декарбонизациялауға жəне экологиялық талаптарды күшейтуге бет бұрды, ең озық қолжетімді техникаға көшу жəне қоршаған ортаға тиетін əсерді барынша азайту нормалары енгізілуде.

Осыған орай, экологиялық қауіпсіздікке назар аударуды арттыру, қоршаған ортаға тиетін əсерді азайту, сондай-ақ жаңа экологиялық талаптарға жəне жаһандық үрдістерге сəйкестік үшін шаралар қабылдау мақсатында, мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша 2021 жылды Экология жылы деп жариялау туралы шешім қабылдадым.

Коронавирустық инфекция пандемиясының таралу қарқынының жалпы төмендеуіне қарамастан, ол əлі де адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді жəне кəсіпорындардың, оның ішінде біздің кəсіпорындардың қызметіне белгілі бір шектеулер қояды. Сондықтан да, ағымдағы жылы бəрімізге профилактикалық шаралар мен санитариялық талаптарды орындау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажет. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық қызметкерлерімізді халықты вакцинациялау жөніндегі мемлекеттік науқанға белсенді қатысып, мүмкіндік пайда болғаннан кейін коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырғым келеді.

Біздің қызметкерлеріміз – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін ең жоғары құндылық, сондықтан да біздің басты міндетіміз – кəсіпорындарымызда жұмыс істейтіндердің барлығының өмірі мен денсаулығын сақтау.

Əрқайсымыз еңбек күнінен кейін отбасымызға аман-есен оралуымыз үшін сіздерді өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың қарапайым қағидаларын сақтауға шақырамын.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер