KZTO 809,00 (-0,12)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 809,00 (-0,12)

Жұмысым да, отбасым да осында...

 29.04.2022    1014
«ҚазТрансОйл» АҚ-да еңбек әулеттері көп, соның жарқын өкілдерінің бірі – Қызылқұловтар отбасы. Әулет басшысы – Есенгелді Қызылқұлов мұнай құбыры саласының дамуына үлкен үлес қосқан жан. Оның саладағы жалпы еңбек өтілі – 38 жыл, оның 20 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі.


– Есімде, ол кезде әлі «Южнефтепровод» болатын, онда мен күрделі құрылыс бөлімінің бастығы болып жұмыс істеп жүрген кезім еді, кейін директордың күрделі құрылыс және күрделі жөндеу жөніндегі орынбасары болдым. «Күрделі жөндеу» терминіне ерекше тоқталғым келіп тұр, өйткені осы жұмысты бастаған кезде объектілердің техникалық жағдайы тозған, тиісті қаржыландыру болмаған шақ еді. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының осы қиын жылдарында жұмысшыларға жалақы тауарлар мен азық-түлік түрінде берілгенін өздеріңіз де жақсы білесіздер, - деді желілік құбыр көлігінің ардагері Есенгелді Қызылқұлов. 


– 1997 жылы Батыс пен Шығыстың екі бірлестігін біріктіру нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ құрылды, содан кейін объектілерді салу мен күрделі жөндеуді қаржыландыру басталды. 20 жыл ішінде «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбыры 70%-ға ауыстырылды, резервуар паркі 80%-ға жаңартылды, мұнай жылыту пештері жөнделді, көптеген тұрмыстық үй-жайлар салынды. Еңбек жағдайлары жақсарды, қызметкерлер үшін әлеуметтік объектілер салынды. Құрылысшы ретінде соңымнан көптеген құрылыс нысандарын салып қалдырдым деп мақтаныш етуіме болады, бірақ мен олай ете алмаймын. Айтқанға жақсы әрине, сол жұмыстарға қатыстым және компанияның дамуына қосқан үлесімнің салмақ көрсеткіші.
Есенкелді Қызылқұловтың саланы дамытуға қосқан елеулі үлесін компания басшылығы мен бейінді ведомство тарапынан көптеген марапаттар дәлелдейді. Атап айтқанда, 2007 жылы Есенгелді аға «Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері» атағымен марапатталды. Құбыр көлігінің 70 жылдығына орай Энергетика министрлігінің төбелгісімен, құбыр көлігінің 80 жылдығына орай Энергетика министрлігінің мерейтойлық медалімен марапатталды.


Әке жолымен балалары да жүрді. Есенгелді Қызылқұловтың ұлы мен қызы да «ҚазТрансОйл» АҚ-да жұмыс істейді. Ерғали Қызылқұлов – Ақтау қаласындағы «Зерттеулер мен әзірлемелер орталығы» филиалының жобалау-сметалық бюросының құрылыс инженері. Гүлжан Қызылқұлова – Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының кадрлар және әлеуметтік даму қызметінің кадрлар жөніндегі маманы. Бүгінде олар компанияның дамуы үшін өздерінің кәсіби үлестерін қосуда.
– Әкем бүкіл өмірін құрылысқа арнады. Мен де бұл істі жалғастырып жатқаныма қуаныштымын. Әкем екеуміздің ортақ хоббиіміз бар – сурет салғанды жақсы көреміз. Тіпті көркемдік білімім бар. Әсіресе сәндік-қолданбалы өнерді қатты жақсы көремін. Бір кездері ағаш кесуші ретінде әдемі ағаш қораптарын, сандықшалар мен саз мүсіндерін жасадым. Бетоннан жасалған аққулар бүгінде аулада керемет декорацияға айналды, ал майлы суреттер үйдің көркін ашып тұр. Мені өлкеміздің пейзаждары, әсіресе теңіз шабыттандырады. Әлі күнге дейін бояулар мен қылқаламдарға арналған ескі ағаш этюдникті сақтап жүрмін, – дейді Ерғали Қызылқұлов.
 
2015 жылдан бастап Есенгелді аға құрметті демалыста. Бүгінде 78 жастағы бақытты ата жұбайы Светлана Ахмедовнамен бірге немерелерінің жетістіктеріне қуанумен келеді. Үлкен әріпті кәсіпқой «ҚазТрансОйл» АҚ-дағы еңбек жылдарын әрдайым сағына еске алады және балаларының компаниядағы жолын жалғастырғанын мақтан тұтады.
 
Алтынгүл Меңдіхан
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер