KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ спартакиадасында 17 команда додаға түсіп жеңімпаз атану үшін сайысқа түсуде

 17.06.2022    1067
«ҚазТрансОйл» АҚ-да компанияның 25 жылдығына арналған спартакиада аясында ақтық ойындар басталды. Соның негізінде қорытынды жарыстар өтетін Шымкент мұнай құбыры басқармасына «ҚазТрансОйл» АҚ барлық құрылымдық бөлімше мен еншілес ұйымдардан 17 команда келді. Үш күн ішінде 540 қатысушы ең мықты спортшы атағы үшін күреседі.
Спартакиаданың ашылу салтанатында «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Талғат Құрманбаев атап өткендей, салауатты өмір салты Компанияның корпоративтік мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Көптеген құрылымдық бөлімшелерде спорт залдары жұмыс істейді, қызметкерлердің секцияларға қатысу мүмкіндігі бар. Оған қосы біздің қызметкерлер түрлі халықаралық деңгейдегі жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Финалдық ойындар спорттың 9 түрінен өтеді: мини-футбол, баскетбол, волейбол, үлкен және үстел теннисі, жеңіл атлетика, тоғыз құмалақ, шахмат.
Жеңімпаздар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері арасындағы спартакиадаға қатысады.
 
 
Реакция:
Серiктестер