KZTO 832,89 (-0,13%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 832,89 (-0,13%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Самұрық-Қазына» компаниялары Қазақстанның батыс аймағындағы мұнай кәсіпорнында төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтады

 07.10.2022    456
«ҚазТрансОйл» компаниясының Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Ақтау» бас мұнай айдау станциясында (БМАС) командалық-штабтық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Шараға «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансОйл», «Қазақстан Темір Жолы», Энергетика және төтенше жағдайлар министрліктерінің, сонымен қатар медициналық және апаттық-құтқару қызметтерінің мамандары қатысты.
Сценарий бойынша БМАС резервуарларының бірінде мұнай өртеніп, кейіннен жарылыс болып, резервуардың конструкциясы жартылай опырылады. Бір қызметкер зардап шегеді. Төтенше оқиға туралы кәсіпорын басшылығына, жергілікті атқарушы органдарға және Төтенше жағдайлар министрлігіне, одан кейін «ҚазТрансОйл», «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Қазына» компанияларының жедел қызметтеріне шұғыл хабар беріледі.
Тұтанған өртті Ақтау қаласындағы «ҚазТрансОйл» мен «Caspi Bitum» БК» өртке қарсы қызметтері, сондай-ақ «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының өрт сөндіру пойызының мамандарымен бірлесіп сөндірді.
БМАС қызметкерлері бірнеше минут ішінде станцияның жұмысын тоқтатты, мұнай құбырының ысырмасын жауып, қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланды. «ҚазМұнайГаз» мен «ҚазТрансОйлда» кризистік жағдайларды басқару топтары құрылды. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен барлық деңгейдегі үйлестіру жұмыстары пысықталды.
«Самұрық-Қазына» 2023 жылы «ҚазМұнайГаздың» кризистік жағдайларды басқару тобының тәжірибесін Қордың басқа компанияларына таратуды жоспарлап отыр.
Реакция:
Серiктестер