KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023-ші жылдың I тоқсанында 300 мың тонна көлеміндегі қазақстандық мұнайды Германияға тасымалдайды

 13.01.2023    744
«ҚазТрансОйл» АҚ Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінен  2023-ші жылдың I тоқсанында «Транснефть» ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова застава» мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын қабылдады. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мемлекет-мүшелерінің мұнайын Ресей Федерациясы аумағы арқылы мұнай құбырлары жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған. Мұнайдың аталмыш транзиті Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында 2002-ші жылдың 7-ші маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады.
 
Реакция:
Серiктестер