KZTO 814,00 (-0,35%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,00 (-0,35%)

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ 2023-ші жылдағы өзара ынтамақтастық бағыттарын талқылады

 13.01.2023    1428

«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев пен «Каспий құбыр консорциумы» АҚ бас директоры Николай Горбань Қазақстан Республикасындағы «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ мұнай құбыры жүйесінің нысандарында техникалық қызмет көрсету, жөндеу және төтенше жағдайларды жою жөніндегі келісімшарттың орындалуын талқылады. Сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Кездесуде «ҚазТрансОйл» АҚ «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ-на қызмет көрсету кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптардың орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізетіні айтылды. Дәнекерлеу өндірісі мамандарының, жылжымалы ғылыми-зерттеу зертханасының, авариялық-қалпына келтіру орталығының инженерлік-техникалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Еске сала кетсек, 2018 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ-мен Қазақстан Республикасының аумағындағы «Каспий құбыр консорциумы» АҚ мұнай құбыры жүйесінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және апатты жою қызметтерін көрсету бойынша бес жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. 

«ҚазТрансОйл» АҚ келесі компанияларға операторлық қызмет көрсетеді: «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, «МұнайТас» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В», «Торғай Петролеум» АҚ, «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ, «Магистральдық суағызғысы» ЖШС.

Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км болатын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне иелік етеді. Ол мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды: Атырау-Самара және Қазақстан-Қытай мұнай құбырлары, Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), КҚК жүйесіне қайта тиеу, темір жол (цистерналарға құю).

Реакция:
Серiктестер