KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың жоспарлы мұнай тасымалдау көрсеткіштерін орындады

 26.01.2023    619
«ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың өндірістік қорытындысын шығарды. Есепті кезеңде мұнай тасымалдау және жүк айналымы бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалуы қамтамасыз етілді.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай тасымалдау көлемі 40 млн 656 мың тонна мұнайды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 568 мың тоннаға аз.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 967 мың тоннаға артып, 17 млн 905 мың тоннаны құрады. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 5 млн 261 мың тонна мұнай, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС - 6 млн 206 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай-химия зауыты»  ЖШС - 5 млн 517 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС - 922 мың тонна мұнай жеткізді.

«Өзен - Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 9 млн 438 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 2 млн 735 мың тоннаға аз.

«ТОН-2» мұнай құбырының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан учаскесі бойынша 11 млн 35 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2021 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 33 мың тоннаға артық.

«Атасу - Алашанькоу» магистральдық мұнай құбырына 11 млн 251 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2021 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 294 мың тоннаға артық.

«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ»  АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 146 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 656 мың тоннаға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ қуаттарын пайдалана отырып, Ақтау портындағы танкерлерге мұнай құю 2 млн 268 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 162 мың тоннаға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке мұнай жүкайналымы 34 млрд 261 млн тонна-километрді құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 901 млн тонна-километрге аз.

«ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған мұнай жүкайналымы 44 млрд 73 млн тонна-километрді құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 236 млн тонна-километрге артық.

«Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 19 млн 235 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2021 жылға қарағанда 1 млн 824 мың тоннаға артық. Мұнай жүкайналымы 17 млрд 315 млн тонна-километрді құрады, бұл 2021 жылғы нәтижеден 1 млрд 723 млн тонна-километрге артық.

«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 5 млн 606 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылға қарағанда 1 млн 333 мың тоннаға артық. Мұнай жүкайналымы 539 млн тонна-километрге артып, 2 млрд 264 млн тонна-километрді құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып тиеу көлемі 1 млн 927 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылға қарағанда 603 мың тоннаға артық.

«Магистральдық Суағызғы»  ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» сутартқышы бойынша Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 29 млн 786 мың текше метр тұщы су берді, 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда су жеткізу көлемінің ұлғаюы 399 мың текше метрді құрады.
 
Реакция:
Серiктестер