KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ наурыз айында 25 мың тонна ресейлік мұнайды Өзбекстанға тасымалдауды жоспарлап отыр

 16.03.2023    640
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес наурыз айында «ҚазТрансОйл» АҚ 25 мың тонна ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына «Омбы - Павлодар - Шымкент - Шағыр мұнай құю тірегі» (темір жол цистерналарына тиеу) арқылы жеткізуді жоспарлап отыр.

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Өзбекстан Республикасына ресейлік мұнай транзитінің жалпы жоспарлы көлемі 250 мың тоннаны құрайды.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті
 
 
 
Реакция:
Серiктестер