KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Теңіз кен орнынан Баку - Тбилиси - Джейхан мұнай құбыры бағыты бойынша 9,959 тонна мұнайды экспортқа жөнелтті

 27.03.2023    1323
«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау портында қазақстандық Теңіз кен орнынан Баку – Тбилиси - Джейхан мұнай құбырына шикізатты одан әрі жеткізу үшін President Heydar Aliev танкеріне 9.959 тонна мұнай жөнелтті.

Наурыз айының соңына дейін бұл бағыт бойынша тағы 10 мың тонна теңіз мұнайын жөнелту жоспарлануда. 2023 жылдың сәуір айына Баку – Тбилиси - Джейхан бағытында мұнай жөнелтудің жоспарланған массасы 125 мың тоннаны құрайды.

Еске сала кетейік, ақпан айының басында Түркиядағы жер сілкіністерінен кейін «ҚазТрансОйл» АҚ Джейхан теңіз терминалында жүк тиеу жұмыстарының уақытша тоқтатылуына байланысты форс-мажорлық жағдайлар туралы хабарлама алған болатын. Осыған байланысты Баку – Тбилиси - Джейхан мұнай құбыры арқылы одан әрі тасымалдай отырып, Ақтау портынан Бакуға мұнай экспорты тоқтатылды.

 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер