KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнайды тасымалдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет тарифін көтеру қарастырылуда

 20.04.2023    692
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне 2021-2025 жж арналған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнайды «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбыр жүйесі арқылы тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің бекітілген тарифін өзгерту туралы өтініш жолдады. Өтінім Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы No 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 604, 630 және 631-тармақтарына сәйкес жасалды.

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнайды тасымалдау қызметіне тариф жобасы 1000 шақырымға тоннасына 5 012,42 теңгені құрады, бұл бекітілген тариф деңгейінен 656,86 теңге немесе 15%-ға жоғары.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес өзгертілген тарифті бекіту және оның деңгейін анықтау туралы түпкілікті шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті қабылдайды.

«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің 1000 км-ге тоннасына 4 355,57 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) қолданыстағы тарифі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 71-НҚ бұйрығымен бекітіліп, 2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 9-2) тармақшасына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнайды ішкі нарыққа айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті өзгертуге негіз болатын - Қазақстан Республикасы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбыр жүйесі арқылы оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін аудан (қала) бойынша статистикалық мәліметтерге сәйкес белгіленген экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысын өзгерту әрекеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер табиғи монополия субъектісінің қызмет көрсетуге қажетті шығыстардың құнынан төмен болмауға және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етіп пайда алу мүмкіндігі ескерілуі тиіс.

«ҚазТрансОйл» АҚ келесі тізімдегі салаларда табиғи монополия субъектісі болып табылады: мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзит және Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге экспорттау мақсатында тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер; электр энергиясын беру қызметтері; жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі қызметтер; ағынды суларды бұру қызметтері.
 
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс
және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер