KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Медет Ерғалиев Халықаралық «Сенім-2023» конкурсының жүлдегері

 08.06.2023    128
Құлсары мұнай құбыры басқармасының ӨҚКБ бойынша еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Медет Ерғалиев «Еңбек қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» номинациясы бойынша Халықаралық «Сенім-2023» конкурсына қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді.
«Сенім» байқауы - Қазақстандағы еңбекті қорғау саласындағы кәсіпқойларға арналған жалғыз байқау. Конкурсқа қатысу-іскерлік мәртебесін растау үшін практикалық қадамдар, қызметкерлер алдында құзыреттілік пен әлеуметтік жауапкершілікті көрсету кәсіпорын қызметкерлерінің өндірістік жарақаттануының және кәсіптік сырқаттанушылығының алдын алу тиімділігін арттыру, сондай-ақ жұмыс берушілерді қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін ынталандыру мақсатында жүргізіледі. Осындай ауқымды конкурста біздің әріптесіміз жүлдегер атанып отыр. 
Медет Ерғалиев Құлсары мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасында учаске бастығы болып қызмет атқарады.  Өз қызметіне сәйкес жылу, су және кәріз жүйелерінің ақаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін маман. ӨҚКБ бойынша еңбек қорғау бойынша техникалық инспекторы ретінде сайланғанына 3 жылдан асты.
  • Өзіме жүктелген еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспектор міндетін Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімімен және бастауыш кәсіподақ ұйымымен бірлесе жүргізіп келемін. «ҚазТрансОйл» АҚ-да қызмет ететінімді мақтан ете отырып, компаниямыздың осындай жетістіктерге жетуге берген мүмкіншілігі үшін алғысым шексіз және де осы конкурсқа қатысуға қолдау көрсеткен ұжымыма ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік мүдделерін қорғай отырып, қауіпсіздік пен еңбек қорғау саласына өз үлесімді қоса бермекпін -деді Медет Ерғалиев.
 
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер