KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Мартыши-Атырау» магистральдық мұнай құбырының 75 шақырымдағы учаскелерін ауыстыру және қосу жұмыстарын аяқтады

 24.10.2023    551

«ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзындығы 0,071 шақырымды құрайтын Атырау облысының аумағы арқылы өтетін «Мартыши – Атырау» магистральдық мұнай құбырына 75 шақырымындағы учаскелерін ауыстыру және қосу жұмыстарын сәтті аяқтады. Мақсат – «Мартыши-Атырау» магистральды мұнай құбырының ақаулы учаскелерін жаңарту.


Жұмысқа барлығы «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының 93 қызметкері жұмылдырылып, 31 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Жұмыстың жоспарлы сипатын ескерсек, «Мартыши-Атырау» магистральдық мұнай құбырының жөндеу жұмыстары кезінде уақытша тоқтауы мұнай айдау көлеміне әсер еткен жоқ.

Реакция:
Серiктестер