KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы 
«Қашаған» кен орнының мұнайын ай сайын кем дегенде 80 мың тонна көлемінде экспорттайды

 24.10.2023    822

2023 жылдың қазанынан бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін «ҚазТрансОйл» АҚ «Қашаған» кен орнынан мұнайды айын кем дегенде 80 мың тонна көлемінде «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі арқылы, одан әрі «Транснефть» ЖАҚ жүйесі арқылы, кейіннен Қара теңізге (Новороссийск порты, Шесхарис терминалы) жөнелтеді. 

Бұл шара күзгі-қысқы кезеңде «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесінде мұнай айдаудың барынша техникалық мүмкіндігін сақтау мақсатында жүргізілуде.

Шикізатты жөнелтушілер: «Аджип Каспиан СИ Б.В.», «ЭксонМобил Казахстан Инк.», «Инпекс Норт Каспиан СИ ЛТД», «КННК Казахстан Б.В.», «ТотальЭнерджиз ЭП Казахстан», ЧКОО «КМГ Кашаган Б.В.» және «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.».

Еске салайық, 2023 жылдың наурыз айында «ҚазТрансОйл» АҚ сынақ түрінде «Қашаған» кен орнынан 6,9 мың тонна мұнайды Ақтау порты арқылы одан әрі Баку портына экспортқа тиеп жіберді. Мұнай жөнелтуші «Инпекс Норт Каспиан СИ ЛТД».

Реакция:
Серiктестер