KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

Ильдар Узбеков «Бейнеу ауданына - 50 жыл» төсбелгімен марапатталды

 29.11.2023    938

Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданының құрылғанына 50 жыл толды. Мерейтой аясында ауданда өндіріс, білім, медицина және басқа да сала мамандары марапаттарға ие болды.  

Олардың арасында біздің әріптесіміз Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы, «Бейнеу» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы бастығының орынбасары Ильдар Узбеков  бар. Салтанатты шара барысында Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев әріптесімізді өңірдің  әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Бейнеу ауданына - 50 жыл» төсбелгісімен марапатады. 

Ильдар Узбеков – «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесінде 2002 жылдан бері қызмет етеді. Көптеген ірі өндірістік жобалардың жүзеге асуына үлес қосуда. Оның ішінде «Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбырының жаңадан салынған учаскелерін ауыстыру және қосу жұмыстарына, «Бейнеу» МАС мұнай қыздыру пунктінің технологиялық құбырларын ауыстыру жұмыстарына белсене атсалысып келеді.    

Әріптесіміз - Маңғыстау МҚБ шахмат турнирінің чемпионы, спартакиадалардың  белсенді қатысушысы. 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер