2024 жылғы қаңтарда қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Германияға одан әрі жеткізу үшін «Адамова Застава» мұнай жеткізу пунктіне қарай тасымалдау көлемі
100 мың тоннаны құрады.
2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға жеткізу үшін «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай жеткізу пунктіне 1,2 миллион тоннаға дейін қазақстандық мұнайды жөнелтуді жоспарлап отыр.
Бұл транзит Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүзеге асырылады.