KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ KASE-ның «Айқындылыққа ұмтылысы үшін» жеңімпаз дипломымен марапатталды

 13.03.2024    1588
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) 2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-ға экономиканың қаржылық емес секторындағы листингілік компаниялар арасында «Айқындылыққа ұмтылғаны үшін» жеңімпаз дипломын табыс етті.

«ҚазТрансОйл» АҚ бұған дейін 2022, 2017-2020 жж. қорытындылары бойынша KASE «Айқындылыққа ұмтылғаны үшін» дипломымен марапатталған болатын.

KASE жыл сайын бағалы қағаздар нарығындағы іскерлік мінез-құлықтың ең жақсы үлгілерін уақтылылық, толықтық және өздері және олардың қызметі туралы ақпаратты ашудағы бастамашылық тұрғысынан көрсететін листингілік компанияларды «Айқындыққа ұмтылғаны үшін» дипломымен марапаттайды.
2012 жылы «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 38 463 559 жай акциясы KASE ресми тізіміне бірінші санат бойынша енгізілді.
1 (бір) жай акция орналастырылған жоқ.

2024 жылғы 1 наурыз күнгі көрсеткіштер бойынша орналастырылған жай акциялардың иелері «ҚазТрансОйл» АҚ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (90%), миноритарлық акционерлер (9,998%), «ҚазТрансОйл» АҚ (0,0019%, 2016 жылы сатып алынған) болып табылады.
 
Реакция:
Серiктестер