KZTO 839,50 (-0,06%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,50 (-0,06%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың Атыраудағы өндірістік нысандарында бөгет салу жұмыстары аяқталды

 24.04.2024    631

Атырау мұнай құбыры басқармасында «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы, «Магистральды Суағызғысы» ЖШС, «МұнайТас «Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС қарасты өндірістік нысандардың айналасына судан қорғау бөгеттерін салу жұмыстары аяқталды.

Жайық өзені жағасында орналасқан Ардагер шағын ауданы мен Геолог ауылының бойында ұзындығы 4 шақырымдық жағалау бекіністерін салу (оқпан салу) жұмыстары да аяқталуға жақын.

Сонымен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ аймақтағы басқа да өндірістік компанияларға, атап айтқанда: «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. компанияларына су тасқынына қарсы жұмыс жүргізуге көмек көрсетуде. Ол үшін «ҚазТрансОйл» АҚ жоғарыда аталған ұйымдардың бөгеттерін салып, өндірістік нысандарын қорғау үшін өз жұмыскерлерін жұмылдырып, арнайы техника (самосвалдар, экскаваторлар, бульдозерлер және т.б.) жіберді.

Жалпы, Атырау қаласы мен облыстағы өндірістік нысандарды су тасқынынан қорғау шараларына қатысу үшін «ҚазТрансОйл» АҚ 200-ден астам қызметкерін жұмылдырды,
57 автокөлік пен арнайы техника бөлді. Оның ішінде 25 бірлік техника Маңғыстау, Ақтөбе, Шымкент, Жезқазған мұнай құбырлары басқармалары мен «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының резервтерінен тартылды.

Қорғаныс бөгеттерін салу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың мақсаты су тасқыны қауіпін қадағалап, Атырау қаласын, Атырау облысының қала құраушы кәсіпорындарын, оның ішінде мұнай тасымалдау процесінің үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ нысандарын су басу қаупінің алдын алу.

Бүгінгі таңда мұнайды Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына және экспорттық бағыттарға тасымалдау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес әдеттегідей жүзеге асырылуда. Жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау жұмысы да кестеге сай жүріп жатыр.

Серiктестер