KZTO 827,00 (+0,98%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 827,00 (+0,98%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Арман Қасенов жұмыс сапарымен Атырау облысының өндірістік нысандарына барды

 28.08.2024    419

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ол Қоғамның және оның еншілес, бірлесіп-бақыланатын ұйымдарына өндірістік объектілеріне барды. Атап айтқанда, Атырау мұнай құбыры басқармасының Т.Қасымов атындағы МАС (мұнай айдау станциясы) және Н.Шманов атындағы МАС, Құлсары мұнай құбыры басқармасының 3 -МАС, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-ның ССС-5 және «МұнайТас» СБҚК» ЖШС-қа қарасты  «Аман» МАС-қа барды.
Т. Қасымов ат. МАС-та Арман Қасенов «КҚК-Қ» АҚ – Т.Қасымов ат. МАС МШК 203км (МЕТ)» жаңа жеткізуші мұнай құбырын одан әрі пайдалануға дайындығын тексерді. Оның құрылысы қосымша экспорттық маршрутты дамыту мақсатында «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландыруы есебінен және №12 ТБР (тік болат резервуар) понтонды орнату бойынша жұмыстар процесі арқылы іске асырылды.

Бұдан кейін «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры Н.Шманов ат. МАС өндірістік нысандарының қызметімен танысты. Олар: магистральдық сорғы станциясы, мұнайды жылыту пештері, химиялық талдау зертханасы және басқалар.

Сапар барысында Арман Қасеновке «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС технологиялық құрылыстарының бейнешолуы ұсынылды, ол сондай-ақ №5 су сорғы станциясының күзгі, қысқы кезеңге дайындығын және оны жаңғырту жоспарларымен танысып шықты.

Бұдан соң, «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры әкімшілік-тұрғын үй кешені, жатақхана, асхана және басқа да қосалқы құрылыстарды қамтитын «Аман» МАС-тағы 3-ші іске қосу кешенінің құрылысын тексерді.

Естеріңізге сала кетейік, станция 2021 жылы «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры арқылы кері бағытта мұнай айдау, ҚР МӨЗ-ге Батыс Қазақстан мұнайын беруді қамтамасыз ету және ҚХР-ға мұнай экспортын ұлғайту мақсатында пайдалануға берілген болатын. Құрылыс жұмыстарын тексеру қорытындысы бойынша «МұнайТас» СБҚК» ЖШС мен мердігер ұйымға жобаны жеделдетілген мерзімде аяқтау туралы тапсырма берді.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырына қызмет көрсету бойынша БОҚБ (Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы) персоналының жұмыстарды орындауы тексерілді.

Атырау облысы бойынша жұмыс сапарының соңында компания басшысы Құлсары мұнай құбыры басқармасына барып, еңбек ұжымымен кездесіп, қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына ерекше қызығушылық білдірді.

 «ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие.

«ҚазТрансОйл» АҚ «Магистральдық суағызғысы» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесіне ие. «Магистральдық суағызғысы» ЖШС «Астрахан-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының меншік иесі болып табылады.

«МұнайТас» СБҚК» ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (51 %) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны, «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында құрылған.




 

Серiктестер