KZTO 814,04 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,04 (-0,36%)

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері Shymkent Marathon-ға қатысты

 19.09.2024    321
Шымкентте жыл сайын күз айында жаппай жүгіру дәстүрге айналып келеді. Қаланың мыңдаған тұрғындары әдеттегідей Әл-фараби алаңына марафонға қатысу үшін жиналады. Shymkent Marathon жарысын ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл 6000-нан астам адам қатысуға өтініш білдірген.

Осы қатысушылардың ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері де бар. Атап айтқанда, ШМҚБ өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Нұркен Бегулиев пен «Шағыр» МҚП инженер-энергетигі Асхат Сайлаубеков. Әріптестеріміздің бірі 5 км, бірі 10 км қашықтыққа жүгірді. 

- Кейбір адамдарға жеке рекорд пен нәтиже маңызды. Мен былтыр да марафонға қатысқанмын. Жалғыз өзің жүгіргеннен гөрі көпшілікпен додаға қатысудың энергетикасы бөлек. Оны тек қатысып қана сезіне аласың.  Сондай-ақ, жүгіру денсаулыққа пайдалы, - дейді Асхат Қанатұлы.

Марафонда мәреге жеткен барлық қатысушыларға медальдар табысталды.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер