KZTO 818,00 (+0,12%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 818,00 (+0,12%)

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобының «Үздік маман» байқауына қатысуда

 09.10.2024    338
Маңғыстау облысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) компаниялар тобына қарасты жұмысшы мамандықтары арасында жыл сайынғы «Үздік маман» байқауы басталды. Сайыс 8-12 қазан аралығында өтеді.

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласындағы ҚМГ кәсіпорындарынан келген 300 адам бақ сынайды. Биыл байқауға алғаш рет Румыниядағы KMG International мамандары қатысып жатыр.

«Үздік маман» байқауы жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін көтеруге және қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдауға ықпал етеді.

Байқау 17 мамандық бойынша өтеді және екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – компьютерлік тестілеу арқылы теориялық білімді тексеру. Екінші кезеңде жұмысшылар «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарында, Ақтау қаласындағы «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының оқу орталығында және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС химиялық талдау зертханасының базасында практикалық тапсырмаларды орындайды.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының үздік мамандары анықталатын болады.
 
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер