KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Павлодар мұнай құбыры басқармасының технологиялық көлік және арнайы техника цехындағы жанармай құю станциясы қайта жөндеуден өтті

 23.12.2024    15
 
Павлодар мұнай құбыры басқармасының технологиялық көлік және арнайы техника цехындағы жанармай құю станциясын қайта жөндеуден өткізу жұмыстары аяқталды.  
 
Қайта жөндеу барысында отынбергіш бағаншалар газ бұрғыш жүйесімен жабдықталған түрлеріне ауыстырылды, операторлар отыратын ғимарат пен жанармай құю бағаншаларының төбесі жаңартылды, сондай-ақ технологиялық құбырлар жаңартылды. Қосымша жер асты сыйымдылықтары орнатылып, апатты жағдайда төгілуі мүмкін сұйықтық жинайтын арнайы резервуар тұрғызылды. Жөндеу жұмысы кезінде басқа да қажетті жұмыстар атқарылды.
 
Қайта жөндеу жобасы өрт қауіпсіздігі, экологиялық және санитарлық талаптарға толық сәйкес жүргізіліп, станцияның қауіпсіздігін және экологиялық тұрақтылығын айтарлықтай арттырды.
 
Қайта құрылымдаудың негізгі мақсаты — жанармай құюға ыңғайлы жағдай жасау, автокөліктердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ заманауи стандарттарға сай қауіпсіздік пен жабдықтардың сенімділігін сақтау.
 
 
Реакция:
Серiктестер