KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен» бас мұнай айдау станциясындағы резервуарды жаңғыртты

 31.12.2024    103

«Өзен» бас мұнай айдау станциясында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай сақтауға арналған көлемі 20 мың тонна жаңа резервуар салды.

Резервуар құрылысын жүргізу барысында мұнай қабылдау және айдап шығару технологиялық құбырлары, электржетекті ысырмалар, түптік шөгінділерді жуу құрылғылары, тауарлық су ағызу құбыры ауыстырылды. Автоматты өрт сөндіру және су шашу жабдықтары жаңартылды. Резервуарға қауіпсіздік клапандарынан мұнайдың апаттық ағызу желілері қосылды. Темірбетоннан жасалған каре қоршауы орнатылды.

Жаңа резервуардың пайдалануға берілуі «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау қауіпсіздігін айтарлықтай арттырады.

Жоба техникалық, экологиялық стандарттар мен жарылыс және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылды.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер