«Батуми теңіз порты» ЖШҚ (100% үлесті басқаруға айрықша құқықтар «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы – «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ға тиесілі) 3 мың тонна қазақстандық аммофосты ауыстырып тиеуді жүзеге асырды.
Бұл минералды тыңайтқышты Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Батуми теңіз портынан алғаш рет экспортталды. Қазақстандық аммофосты Батумиге жеткізу үшін мультимодальды тасымалдау жүзеге асырылды. Жүк жөнелтуші –«Қазфосфат» ЖШС.
2025 жылы «Батуми теңіз порты» ЖШҚ 50 мың тонна қазақстандық аммофосты ауыстырып тиеуді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, 2024 жылы жаңа жүк жөнелтушілерді тарту жөніндегі жұмыс шеңберінде «Батуми теңіз порты» ЖШҚ Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша әлемдік нарықтарға 37,6 мың қазақстандық аммиак селитрасын алғашқы жеткізуді қамтамасыз етті.
«ҚазТрансОйл» АҚ Грузиядағы өндірістік активтерге тікелей иелік етуді және басқаруды «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ арқылы жүзеге асырады.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ мұнайды, мұнай өнімдерін және сұйытылған көмірсутекті газды тиеу, айдау, сақтау, сондай-ақ өз айлақтарын, технологиялық құбырлар мен резервуарларды пайдалана отырып, оларды қайта өңдеу өнімдерін ұсынады.