KZTO 797,00 (-0,62%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 797,00 (-0,62%)

2025 жылғы 17 ақпанда мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарттағы өзгерістер күшіне енеді

 14.02.2025    871

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 5 ақпандағы №5 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы бұйрығымен бекітілген Мұнай тасымалдау жөніндегі  көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (бұдан әрі – Үлгілік шарт). Түзетулер 2025 жылдың 17 ақпанында күшіне енеді.

Өзгерістер «ҚазТрансОйл» АҚ тарапынан да, жүк жөнелтушілер тарапынан да құжаттарды өңдеу және ұсыну мерзімдерін қысқартуға, мұнайды тасымалдауға тапсырыстарды қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнайды қабылдау-тапсыру актілерін ресімдеуге басымдық беруге бағытталған.

Магистральдық мұнай құбыры жүйесіне құрамында органикалық хлоридтердің мөлшері нормадан асатын сапасыз мұнайды жеткізгені үшін жүк жөнелтушілерге артылған жауапкершілігі де күшейтілді.

Сонымен қатар, Үлгілік шартқа «жылжымалы (ең аз-қажетті) қалдықтары» түсінігі енгізілген, ол магистральдық мұнай құбыры жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне, сондай-ақ күтпеген жағдайларға байланысты жүк жөнелтуші алдын-ала мәлімделген көлемде мұнайды жеткізе алмаған жағдайда шарттық міндеттемелерді орындауға арналған жүк жөнелтушінің мұнайының қалған бөлігіне кепілдік береді.

Құжатты мына жерден толығырақ оқи аласыз:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 ақпанда № 35705 болып тіркелді.

Серiктестер