KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

«КазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасы «Ұлттық киім күні» шеруіне қатысты

 19.03.2025    10

«Наурызнама» тұжырымдамасының онкүндігі аясында Атырауда ұлттық киімдер күніне арналған шеру өтті. Атырау мұнай құбыры басқармасының ұжымы да осы айтулы шараға қатысып, халқымыздың бай мұрасын дәріптеді.

Мерекелік шара барысында қаладағы түрлі мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері ұлттық киімдерін киіп, сән-салтанаты жарасқан ерекше мереке ұйымдастырды. Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері шеруде ұлттық әндер шырқап, шараның сәнін арттырды. Шеру алаңда мерекелік концертке ұласты.

Бұл шара ұлтымыздың мәдениеті мен дәстүрлерін дәріптеп, Атырау қаласының тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Реакция:
Серiктестер